Студенттік спорт бойынша менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
🇰🇿 Kazakhstan
MS Office
Recruitment
Excel
Студенттік спорт бойынша менеджер, Студенттермен жұмыс жүргізу департаменті
from 🇰🇿 Kazakhstan
4.1. Операциялық басқару және үйлестіру:
1) студенттік спортты дамытуға қатысты операциялық қызметті басқару;
2) Университетте спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру өмірін үйлестіруге, жоспарлауға және дамытуға қатысу;
3) спорт клубтары жаттықтырушыларының қызметін үйлестіру, қызмет көрсету шарттарын, қаржылық есептілікті және жаттығу кестелерін бақылау және басқару;
4) Университеттің құрама командалары үшін спорт киімдері, жабдықтар мен спорт құралдарын есепке алу және тарату;
5) Университеттің спорт нысандарында тазалықтың, жалпы тәртіптің, тәртіптіліктің, еңбекті қорғау нормаларының, өрт қауіпсіздігінің, техника қауіпсіздігінің, санитария мен гигиена талаптарының сақталуына мониторинг жүргізуге қатысу.
4.2. Ынтымақтастық және сыртқы байланыстар:
1) Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі спортты дамытуға жауапты басқа университеттермен, жастар ұйымдарымен және жергілікті органдармен ынтымақтастықты орнату және дамытуға қатысу;
2) Университеттің қарым-қатынас жөніндегі менеджерімен бірлесе отырып, студенттердің спорттық өмірін және салауатты өмір салтын ілгерілету үшін Университеттің басқа бөлімшелерімен қарым-қатынасты дамыту;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және Университет бөлімшелерімен консультация беру жұмыстарында қатысу.
4.3. Қаржылық басқару және құжаттама:
1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бюджетті уақтылы қалыптастыруды қоса алғанда, студенттік спортты қаржыландыруға байланысты операциялық қызметті жүзеге асыру;
2) спорттық қызметтің қаржылық аспектілеріне қатысты қажетті құжаттаманы дайындау.
4.4. Жоспарлау және дамыту:
1) студенттік спорт ұйымдарының қызметін әзірлеу және үйлестіру, олардың жылдық жұмыс жоспарын дайындау;
2) Университет өмірінде спорт және дене шынықтыруды дамыту бойынша басшылыққа ұсыныстар дайындау.
4.5. Студенттерге консультация беру және қолдау:
1) қалалық, республикалық және халықаралық турнирлер мен жарыстарға қатысатын студенттерге консультациялар беру және қолдау көрсету.
4.6. Тәуекелдерді басқару және мониторинг:
1) өзінің жауапкершілік саласы шеңберінде тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау, басқару және мониторингтеу процестерін бақылау;
2) өз құзыреті шеңберінде Бөлімше бастамашылық жасаған шарттар мен қосымша келісімдердің жобаларын әзірлеу, оларды жасасу және олардың орындалуына кейінгі мониторинг жүргізу.
Білімге қойылатын талаптар (деңгей, профиль, лицензиялар, кәсіби сертификаттар және т.б.)
Спорт және дене шынықтыру, спорттық менеджмент, қоғаммен байланыс немесе халықаралық қатынастар саласындағы жоғары білім
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар:
1) Білім беру мекемелері саласында, жастардың спорттық қызметімен, мектептен тыс дамуымен және жастардың тәрбие жұмысымен байланысты жұмыстарда бакалавр дипломымен кемінде 3 жыл немесе магистр дипломымен кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
2) ірі ұйымдардағы жұмыс тәжірибесі, әсіресе білім беру, ғылыми немесе халықаралық компаниялардағы жұмысы құпталады
Білімдері:
1) Қазақстан Республикасының білім, мәдениет, спорт және жастар саясаты саласындағы заңнаманы білу;
2) жергілікті және жетекші халықаралық университеттерде дене шынықтыру мен спортты ұйымдастыру жүйесін білу;
3) MS Office бағдарламаларын білу: Word, Excel, PowerPoint;
4) академиялық ортада спорттық өмірді ұйымдастыруды білу;
5) спорттық нормативтерді, ұлттық лигаларды білу;
6) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері», «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының жоғары білім саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
Дағдылары:
1) өзгерістерді басқару және жобаларды жүзеге асыру дағдылары;
2) ресми құжаттамамен жұмыс істеу дағдылары;
3) презентацияларды әзірлеу және өткізу дағдылары;
4) тиімді жоспарлау дағдылары.
Қабілеттері:
1) ұйымдастырушылық қабілеттер — спорттық іс-шараларды, жаттығуларды және басқа да іс-шараларды тиімді жоспарлау, үйлестіру және бақылау, сондай-ақ Университеттің әртүрлі бөлімшелерімен және сыртқы серіктестермен өзара әрекеттесу;
2) егжей-тегжейге назар аудару;
3) коммуникациялық дағдылар — басшылықпен, қызметкерлермен және сыртқы органдармен тиімді өзара әрекеттесу;
4) жауапкершілік — заңнаманың және ішкі регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
5) коммуникациялық дағдылар — әртүрлі мәдениеттер мен ұйымдардың өкілдерімен тиімді байланыс орнату;
6) икемділік және стреске төзімділік — жоғары жүктемелер мен өзгерістер жағдайында жұмыс істеу қабілеті
Іскерлік хат алмасуды, құжаттаманы, талдамалық материалдарды тиімді жүргізу, студенттермен және басқа құрылымдық бөлімшелермен, консультанттармен және серіктестермен өзара іс-қимыл жасау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгеру
Recruitment and selection process
Recruitment and selection at Nazarbayev University include the following process: preliminary selection based on experience and qualifications, assessments (e.g. technical skills/capabilities, aptitude, personality, work samples, in-basket exercises, and informal interviews), and motivation.
Formal interviews form the final stage of the selection process.
They are typically based on organizational values and behaviors and conducted in English.
You are encouraged to share your views and values to identify how they fit into Nazarbayev University core values








